28.09.2021, 10:20

«Құтты болсын! Керемет сенсация!»: Тоқаев футболдан ел құрамасын құттықтады

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанда өтеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,- делінген жазбада.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Тегтер: Футзал