28.09.2021, 11:40

«Тұмауға қарсы 2,5 млн доза вакцина әкелінді» – Мамин

Сонлай-ақ ол тұмауға қарсы вакцинация қарқынын жоғарылатуды тапсырды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтылықта ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министр еліміздің бес өңірі әлі де қызыл аймақта екенін атап өтті. 

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайды. Дегенмен, "қызыл" аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау, вакцинациялауды жалғастыру қажет", – деді үкімет басшысы. 

Сонлай-ақ ол тұмауға қарсы вакцинация қарқынын жоғарылатуды тапсырды. 

"Сонымен бірге тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара қолдану қажет. Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2,5 млн доза вакцина әкелінді. Халықты тұмауға қарсы вакцинациялауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз ету қажет", –  деген Мамин.

Тегтер: Асқар Мамин