$ 494.87  520.65  4.91

Ресей прокуратурасы Балушкинді Қазақстанға беруден бас тартты

Анатолий Балушкин 12 тамыздан бастап халықаралық іздеуде.

Әлеуметті желі мен БАҚ-та Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстанның автокөлік нарығындағы ірі кәсіпкер Анатолий Балушкинді Қазақстанға беруге бас тартқаны туралы хабар тарады. Оған сәйкес "БИПЭК Авто" автокөлік холдингінің басшысы Ресей азаматы болғандықтан, ешкімге берілмейтіні жазылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Еліміздің Бас прокуратурасы болса "Балушкинді Ресей аумағында іздеу тоқтатылды" деген ақпарат туралы білмейді. Ал оның азаматтығының өзгеруіне байланысты тексеруді тергеу органдары жүргізеді.

"Анатолий Балушкин 12 тамыздан бастап халықаралық іздеуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қаржы мониторингі агенттігі ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіледі", — дейді еліміздің Бас прокуратурасы.

Қаржы мониторингі агенттігінің айтуынша, Балушкинді Қазақстанда іздеу тоқтатылған жоқ.

"Азия-Авто" компаниялар тобының құрылтайшысы Балушкинге қатысты қылмыстық істі тергеуді Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр, - дейді Қаржы мониторингі агенттігі.

Айта кетсек, Анатолий Балушкин бюджеттен 174 миллиард теңгеге (412 миллион АҚШ доллары) жуық салық жеңілдіктерін алып, ешқандай өндіріс жасамаған. Ал қазақстандық Forbes журналының дерегі бойынша оның өз қаржысы 153 миллион АҚШ долларына тең (Қазақстанда 35-орын).
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары