ІІМ жүргізушілерді ауа райының нашарлауы кезіндегі қауіп-қатер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, бірқатар облыстарда ауа райының нашарлауы, қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін, сондай-ақ, ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы тиіс. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды, – делінген хабарламада.
Қауіпсіз қозғалыс үшін ауа райының қозғалысқа әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ, автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің сапасын өзгеруін ескеру ұсынылады. Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.