$ 494.87  520.65  4.91

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге бірлескен мультимодальдік тасымал бағдарламасын қабылдауды тапсырды

Қазақстан мен Ресей бірлесіп экспорттаушыларға Еуропа мен басқа да елдердің транспорттық хабтарын байланыстыратын балама маршруттар желісін ұсына алады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында көрші елмен бірлесіп, мультмодальдік тасымал бағдарламасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Ресей бірлесіп экспорттаушыларға Еуропа мен басқа да елдердің транспорттық хабтарын байланыстыратын балама маршруттар желісін ұсына алады. Жуықта Шығыс экономикалық форумында айтқанымдай, елдеріміздің көлік ведомстволарының тұрақты өзара әрекеті үлкен маңызға ие болып келеді. Сондықтан, бүгін мультимодальдік тасымалды дамыту бойынша бірлескен бағдарлама қабылдауды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шараға онлайн форматта қатысуда. Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге эпиемдияның алғаш басталған кезеңінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

«Ресей қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек заттарын жеткізіп, тест-жүйесін ұсынды. Қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға жан-жақты көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен иық тірестіре жүріп, ең күрделі өңілерде жұмыс істеді, өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарды. Тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Осынау кезеңде ынтымақтастығымыздың жеке маңызды кезеңі біздердің жүзбе-жүз уағдаластығымызды жүзеге асыру үшін Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында Спутник V ресейлік вакцинасы өндірісінің іске қосылуы болды. Мұның барлығы да Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екендігін дәлелдеді», - деді Қазақстан Президенті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары