$ 443.35  475.54  4.82

Тоқаев: Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің басым бағыты

Мемлекет басшысы форумда шекарадағы өткізу бекеттерін заманауи бақылау кешендерімен жабдықтау мәселесі туралы пікір білдірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында шекарадағы өткізу бекеттерін заманауи бақылау кешендерімен жабдықтау мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамсыз ету кез келген мемлекеттің сөзсіз басым бағыты. Қауіпсіздік шараларына біз толық түсіністікпен қараймыз. Әсіресе Ауғанстандағы оқиғалар аясында бұл мәселенің маңызды екенін сіз, Владмирим Владимирович, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарты Ұйымына мүше елдердің басшылары отырыстарының бірінде табанды айтқан болатынсыз. Өткізу бекеттерін заманауи арнайы бақылау кешендермен толықтай жабдықтау коммерциялық транзиттің қауіпсіздігі мен жылдамдық проблемасын да шешер еді», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шараға онлайн форматта қатысуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары