Саясат 01.10.2021 сағат 12:20

«Қатал мұғалім еді»: Аймағамбетов ұстаздары туралы айтты

Білім және ғылым министрлігі кәсіби мерекеге орай #Ұстазыңдықұттықта акциясын бастады.
«Қатал мұғалім еді»: Аймағамбетов ұстаздары туралы айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында ұстаздарды қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін Мұғалімдер күнімен құттықтап, жылы лебіз білдіруге шақырды.

"Әр адамның өмірінде оның алғашқы ұстазы ерекше орын алады. Алғашқы ұстаздың бала өміріндегі рөлі, әсіресе, бүлдіршіндер бастауыш сыныптан 5-сыныпқа ауысқан кезде байқалады. Менің алғашқы ұстазым Любовь Валентиновна Гомзелева болды. Ол адамның әдемі жазуы мен әсем күлкісі әлі күнге дейін есімде", - деп еске алды министр.   

Аймағамбетов бастауыш сыныптарда оқып жүргенде өзін ерекше сезінгенін, мұғалімнің оқушыларға деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көріп өскенін атап өтті.

"Тарих пәнінің мұғалімдері Марат Исабекұлы мен Тыныштық Нұрбекқызының сабақтары өте қызықты өтетін. Шетел тілі мұғалімі Алла Васильевнаның есімі жадымда сақталып қалды. Сондай-ақ орыс тілі пәнінің мұғалімі Любовь Ивановна да есімде. Ерекше қатал және талапшыл мұғалім еді. Мұғаліміміздің "қанатты сөздері" бүгін біздің де сөздік қорымыздан табылып жатады", - деп жазды ол.
Министр жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде білім берген оқытушылары да керемет жандар болғанын ұмытпаған. Олар студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай әсер еткенін айтады.

Осы ретте Аймағамбетов кәсіби мерекеге орай білім және ғылым министрлігі #Ұстазыңдықұттықта акциясын бастағанын хабарлады.

"Баршаңызды ұстаздарыңызды құттықтап, жылы лебіздеріңізді білдіруге шақырамын", - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар