Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстанның Министрлер кабинеті отставкаға жіберіледі. Министрлер кабинетінде қызмет етіп келгендер жаңа құрам қалыптасқанша өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.