Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-инкубатор орналасатын ғимараттағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жалпы ауданы 3 мың ш.м. болатын Ходжанов көшесі, 2/2 ғимаратында кәсіпкерлерге арналған үй-жай дайындалуда. 430 жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Instagram аккаунтында.
MOST IT Hub Almaty кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін біріктіріп, бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ.
Стартаперлер үшін идеядан венчурлік инвестицияларға дейінгі жобаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе құрылады.