20.10.2021, 12:40

Тоқаев жұмыс сапарымен Жезқазғанға барды

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар, "Қазақмыс" компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

Сондай-ақ, Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады.