$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан қаласының атауы өзгеретіні рас па?

Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан қаласының атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты деген ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты деген ақпарат тарады. Желі қолданушылары Түркістан қаласының атауын "Нұрлы қала" деп өзгерту ұсынылғанын жазды. Соған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми жауап беріп, ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

"Әлеуметтік желіде "Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтты" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз!", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік жалған ақпарат таратушылар заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Айта кетері, 2019 жылы маусымда сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Ал облыстың орталығы Түркістан қаласына ауысты.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың ақпанында Түркістан облысының әкімі болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары