$ 494.87  520.65  4.91

Президент Асқар Маминге БҰҰ сессиясына Қазақстан делегациясын бастап баруды тапсырды

Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминге Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Бұл туралы  Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды. Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары