$ 450.61  488.91  4.97

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Темірхан Мыңайдарұлы еліміз үшін еселі еңбек етіп, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына бар күш-қайратын арнағанын атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Темірхан Мыңайдарұлы еліміз үшін еселі еңбек етіп, Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына бар күш-қайратын арнағанын атап өтті.

– Туризм және спорт министрі, Президенттің Іс Басқармасының басқарушысы, Елорда әкімі лауазымдарын абыроймен атқарып, іскерлік қабілетін таныта білді. Әрдайым өзіне жүктелген маңызды міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындады. Сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің жетекшісі ретінде отандық спорт саласының өркендеуіне сіңірген еңбегі өте мол. Соңғы жылдары кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге атсалысып, ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытуға зор үлес қосты. Әріптестері мен замандастарының ортасында сыйлы болды. Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын!, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары