04.11.2021, 11:00

Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды

Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысы Екібастұз қаласына барды.

"Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған", - делінген хабарламада.