$ 447.4  477.55  4.76

«Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным жоқ» - Тоқаев

Мемлекет басшысы Екібастұз қаласында моноқалаларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп жатыр
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды. Жиында Президент моноқалалардың ел экономикасына тигізіп отырған үлесі жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Президент моноқалалардың экономикасын әртараптандырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары