Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде « кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ « деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», - деп жазады министліктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.
«Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады», - делінген ресми ақпаратта.