10.11.2021, 16:40

«Басты қатырмасын!»: Мәжіліс депутаты Ресейдің Сыртқы істер министрі Лавровты орнына қойды

Ешқашан, ешқандай ксенофобияны сезінген жоқпын. Басты қатырмасын!

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Российская газета" басылымында жарық көрген мақаласында Қазақстанда орыстілді азаматтарға қатысты ксенофобия қалыптаса бастағанын айтып, "қынжылыс" білдірген болатын. Әйтсе де, дәл осы мәселеге қатысты "Азаттық радиосының" журналистіне сұхбат берген Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева елде ешқандай да ксенофобия жоғын айтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.

"Ешқандай да ксенофобия жоқ. Мен өзім белоруспін. Ешқашан, ешқандай ксенофобияны сезінген жоқпын. Басты қатырмасын!", - дейді Снежана Имашева.