18.11.2021, 23:41

«Біз еліміздің шекарасына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек» - Президент

Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Біз тәуелсіздік пен еркіндікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Себебі осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет", - деді Тоқаев.

Презиент атағандай, бесінші мәселеге ретінде Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыруды жатқызды. "Біздің дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет. Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен жағымсыз жағы да жоқ емес", - деді Мемлекет басшысы.  

Тегтер: шекара Тоқаев