– Біздің түрік әріптестеріміз түркі бірлігі туралы идеяны қолдайды. Бұл қалыпты жағдай. Мен өкінетін жалғыз нәрсе – картада түркі әлемінің орталығында үлкен қызыл жұлдыз жоқ. Ол Түркияда емес, ол Ресей Федерациясының аумағындағы Алтайда – олар осы жерден тарады және ол кез келген түркі үшін қасиетті жер, – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Россия 1» телеарнасындағы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасында.
Ол мұны түркітанушы ретінде айтып отырғанын атап өтті.
«Ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға карта берді. Саясаткердің пікірінше, «түркі әлеміне» Ресейдің оңтүстігі, Шығыс Сібір, сонымен қатар Балқан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Моңғолия мен Иранның кейбір аумақтары кіреді.