$ 447.4  477.55  4.76

Назарбаев Nur Otan партиясының тізгінін Тоқаевқа табыстады

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті.
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", - деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары