24.11.2021, 17:40

Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барады

Фото: ашық дерекөз
Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді.

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді.  

"Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.