Талай дүрбелеңді бастан кешіп, азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз жүріп өткен көне сүрлеу бү¬гінде Тәуелсіздіктің даңғыл жолына айналды. Еліміздің еге-мен¬¬дігі бүкіл әлемдегі қазақ¬тар¬дың бірлігін бекемдеген берік ірге¬тасы, жаңа негізі болғаны даусыз, деп жазады egemen.kz.
Ұлан-байтақ ұлы еліміздің Тәуелсіз¬дігі алыс-жақын шет елдердегі отандас¬тары¬мыздың ұлттық сана-сезімінің оянуына, ана тіліне деген көзқарасы¬ның өзгеруіне, санғасырлық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен басқа да құндылық¬тары¬ның дамуына тың серпіліс берді.
Тамыры терең тарих куә, өзінің дербес мемлекеті жоқ халықтар да бар. Аз ұлттар мен ұсақ ұлыстарға айналған немесе жер бетінен мүлдем жоғалып кеткен, тек тарих жадында жатталып қалған этностық топтардың да аз еместігі баршаға аян.
Осы ретте қазақ ұлтының мәңгілік мұраттары үнемі қаперде тұруы тиіс. Бізге ұлттық жадымызды барынша сақтау айрықша маңызды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар: «ру¬хани жаңғыру» атты маңызды мақа¬ла¬сында атап өткендей, едәуір дамыған қоғамдардың өздері тарихи тамырынан ажырамаған, мәдени кодтарын сақтаған.
Шетелдегі қазақтар қазақ халқының құрамдас бөлігі, олардың бірден-бір тарихи және этностық Отаны – Қазақстан. Шетелдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар түрлі жергілікті өзгешеліктері бола тұра бір мәдениетке, бір тілге, бір дінге ие, Ұлы ұлыс Алтын Орданың мұрагері – Қазақ хандығының құрамында тарихи тұтастығымен біріктірілген бірегей ҚАЗАҚ ҰЛТЫ.
Кеңес Одағы құлдыраған кезеңде Қазақ¬станнан тыс жерлерде 5 миллионнан астам қазақ тұрған. Қазіргі таңда кей¬бір сарапшылық мәліметтерге сәйкес, әлем¬нің 40-тан астам мемлекетінде тұра¬тын бауырларымыздың саны ұлтымыз¬дың жаһандағы жалпы санының үштен бірінен асып, 7-8 млн адамға жуықтайды.
Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері мемлекеттің қауіпсіздік мәселелері мен ұлттық мүдделерді күшейте түсуге итермелеуде. Әлемдік көші-қон үдерістері көптеген елдің өзекті мәселесіне айналып, күрмеуі шешілмеген күрделі түйткіл ретінде күн тәртібінен орнықты орын алып отыр.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, ішкі және сыртқы мүдделерін ескере отырып, соның ішінде этностық көші-қон мәселелері бойынша өзіндік саясатын қалыптастыруда.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған¬нан кейін егеменді еліміздің дербес мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа ден¬деп енуі қаншалықты күрделі болға¬ны әлі есімізде. КСРО-ның ыдырауы эконо-миканың барлық салалары¬ның құл¬дырауымен, қалыптасқан байланыс¬тар¬¬дың үзілуімен, жұмыссыздықтың өсуі¬мен және гиперинфляциямен қатар жүр¬ді. Мұның бәрі бүкіл елдің жағдайы¬на кері әсер етті.
Уақытша белгісіздік жағдайында көші-қон толқыны басталды. Бұған еліміздің ұлттық құрылымы да ықпал етті, онда жергілікті емес халықтың үлесі едәуір басым болды. Олардың арବ¬¬¬сын¬¬да өздерінің тарихи Отанын таң¬дап, эм謬¬грацияға кеткендер көп болды. Нә¬¬т謬¬¬¬же¬сінде, 90-жылдардың ортасына қа¬рай көші-қонның теріс сальдосы та¬б謬ғи өсімді толығымен жұтып, Қазақ¬стан ха묬¬қының абсолюттік саны кеми бастады.
Сарабдал саясаткер Елбасымыз сол кезеңде әлі де әлсіз әрі жас мемлекетіміз үшін ұлт¬тық қауіпсіздікке төнетін негізгі қа¬уіп-қатердің бірі демографиялық ахуал¬дың нашарлауы екенін анық түсінді.
Осындай бұлыңғыр аумалы уақытта ол 1991 жылы 28 қыркүйекте Түркияда тұ¬ратын қазақтармен кездесу барысын¬да бірінші рет шетел қазақтарына та¬рихи Отанына – Қазақстанға оралу тура¬лы үндеу тастады. Сол кезеңнен бас¬тап Нұр¬сұлтан Назарбаев әлем қазақ¬тары¬¬ның көшбасшысына айналды. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының І құ¬ры묬тайында Дүниежүзі қазақтары қауы쬬дас¬тығының төрағасы болып сайланды.
Дүние жүзінің көптеген елінде бытырап жүрген қазақтарды ұйыс¬тыру¬дың ұлттың болашақ тағдыры ал-дын¬дағы жауапкершілігін түсінген және оны мойнына жүктей білген ұлт дарасы Нұрсұлтан Әбішұлы қалыптасқан жағдайға уақытында жауап бере алатын батыл әрі тиімді шешімдер қабылдады. Бұл тарихи дұрыс шешімдер болғанын уақыт өзі дәлелдеді.
Этностық қазақтардың көшіп келуі жөніндегі саясатты іс жүзінде жүйелі түрде іске асырудың алғашқы қадамы тәуелсіздік алғанға дейін, яғни 1991 жылы 18 қарашада жасалды. Себебі нақ¬ты сол күні, осыдан тура 30 жыл бұ¬рын, Н.Назарбаевтың тапсырмасы бо¬йынша біздің отандастарымыздың тарихи және этностық Отанына оралуына негіз болған «Басқа республикалар мен шетелдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жергілікті ұлт өкілдерін Қазақ ССР-іне көшірудің тәртібі және шарттары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің №711 қаулысы қабылданды.
Осының негізінде Қазақстан отандас¬тарымызға есікті айқара ашты. Бұл құ¬жаттың қабылдануы қазақтың Ұлы көші¬нің бастауы болды. Нәтижесінде, Тәуел¬сіздік жылдары тарихи Отанына 1 мил¬лионнан астам этностық қазақ қоныс аударды. Бұл дерек шетел қазақ¬тарының көші-қон әлеуетінің сарқыл¬ғанын білдірмейді. Керісінше, қандас¬тары¬мыздың тарихи Отанына деген қызы¬ғушылығы жылдан-жылға арта түсу¬де. Кейбір әлеуметтік зерттеулерге және са¬рапшылардың пікіріне сүйенсек, тари¬хи және этностық Отанына көшу¬ге бел буып отырған шетелдердегі қандас¬тары¬мыздың болжамды саны бүгінде 1,5 млн адамға жуықтайды. Бұл еліміздің демо¬графиялық қауіпсіздік мәселесін шешуге сеп болатын зор әлеует барын байқатады.
Әлемнің қай қиырында болса да, әрбір қазақтың тарихи Отаны бар. Тарихи Отанынан кез келген қандас бауырымыз өзіне пана және қорған таба алады. Бейбітшілік бесігіне айналған берекелі Қазақстанда алаңсыз еңбек етіп, балаларын оқытып-өсіруге лайықты жағдайлар бар. Соның игілігін елге келген қазақтар толығымен көруде.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, барлық өңірлерде жергілікті атқару¬шы орган өкілдері елге оралған бауыр¬лары¬мыздың өте еңбекқорлығын, ауыл шаруашылығын дамытудағы ең¬бек¬терін, бизнес-бастамашылдығын, әр¬түр¬лі қызмет көрсету салаларын мең¬гергенін, байырғы тұрғындардың олардан кәсіпкерлікті, бастамашы болуды үйреніп, үлгі тұтып жүргенін айт¬ады. Осының бәрі қандастардың ел эко¬но¬микасының дамуына, мемлекетті¬лігі¬міздің нығаюына қосып жатқан өлшеусіз үлесі екені даусыз.
Елбасы Н.Назарбаев 2013 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассам¬б¬лея¬сының XX сессиясында «Қазақ¬тар¬дың ұлттық тарихы, олардың этноге¬незі мыңдаған жылдарға созылған біре¬гей ажырамайтын үдеріс ретінде қарас¬тырылуы тиіс», деген болатын.
Сондықтан біз үшін ел тарихын тек Қазақстанда тұратын қазақтардың бөлігі ретінде ғана емес, барша қазақ ұлты¬ның тарихи өткені тұрғысынан зерт¬теу және таныту маңызды. Қазақ хал¬қының біртұтастығы тайға таңба басқандай ғылыми негізделуі керек, сонда ғана қазақ әлемі деген ғылыми ұғым қалыптасып, ешкім қазақ ұлтының тұтастығына күмән келтіре алмайды.
Шетелдегі қазақтарды біртұтас қазақ әлеуметтік-мәдени кеңістігіне кірік¬тіру олардың жер-жаһанның түрлі бөлі¬гінде қоныстану тарихын, қазақ суб¬мәдениет өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін, шығу тегінің тарихи тамырын, мінез-құлықтағы өзгешеліктерін, кәсіпкерлік әлеуеті мен іскерлік дағды¬ларын және басқа да тұстарын зерттеуді талап етеді. Халқымыздың осындай әр алуан ерекшелігі әлемге ұлтымыз¬дың ұлылығы мен бірлігін көрсетіп, бірегейлікті одан әрі нығайтуға, өзге халықтармен ассимиляциялануына жол бермеуге қызмет етуі керек.
Осы тұста қазақ тілінің маңызы орасан зор. Қазақ этносының рухани-адам¬гершілік негізін салт-дәстүрімізбен қатар дәл осы қазақ тілі құрайды. Негізі ана тілін білу – белгілі бір этностық топқа енудің ең алғы көрсеткіші. Сондықтан шетелдегі отандастарымыздың арасында қазақ тілінің сақталуы мен дамуын барынша қолдау қажет.
Аталған міндеттерді орындау мем¬ле¬кеттің қолдауын тауып келеді. Қазір¬гі таңда алыс-жақын шетелдердегі қазақ¬тармен өзара іс-қимыл мәселелері (диаспоралық саясат) дербес бағытқа бөлініп, жоғары саяси әлеуетке ие болып отыр. Күн тәртібінде 2017 жылы Дүниежүзі қазақтарының V құрыл-тайында Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындау міндеті тұр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар көпшілік мәлім¬демеде шетелдегі қазақтарды қолдау тақырыбына айрықша назар аударды. Өздеріңіз білесіздер, Президенттің тіке¬лей тапсырмасымен «оралман» тер¬мині «қандас» атауына ауыстырылды.
Елбасы тапсырмасына сәйкес шетел¬дегі қазақтарды жан-жақты қолдау және көшіп келген қандастарға қажетті көмек беру мақсатында «Отандастар қоры» КеАҚ құрылды. Оның Қамқоршылық кеңесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.
«Отандастар қоры» жанынан жалпы сала бойынша кез келген мәселені егжей-тегжейлі талқылап, өзектендіріп, Үкіметке жеткізіп, олардың шешілуіне ықпал ететін, Парламент депутаттарынан, белгілі қоғам қайраткерлерінен және құзырлы мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Қоғамдық комиссияның жұмысы белсенді жүруде.
«Отандастар қоры» КеАҚ құрыл¬ғалы бергі аз ғана уақытта әлемді шар¬пыған панде¬мияға және одан туындаған каран¬тиндік талаптар мен шекаралық шек¬теулер¬ге қарамастан, шетелдегі бауырлар үшін мәдени-гуманитарлық бағытта көптеген шараны жүзеге асырып келеді.
Шетел қазақтарының мәдени орта¬лық¬тарын бір шаңырақтың астында бірік¬тіру мақсатында Abai Uii мәдени-іскер¬лік үйлерінің шетелдерде 6 өкілдігі құ¬¬рыл¬ды. Қазақстан үшін шетелдік қа¬зақ жастары, олардың болашағы ма¬ңыз¬ды. Шетелде тұратын қазақ жас¬тары¬на Қазақ¬станда тегін оқуы үшін мемле¬кет та¬рапынан білім гранттары қарастырылған.
Мысалы, дайындық бөліміне биылға 1300 орын, бакалавриатта оқу үшін 4% мемлекеттік квота негізінде 2000 грант, колледждерде оқу үшін 4% мемлекеттік квота бөлінген. Бұдан бөлек, бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқуға арналған «Стипендиялық бағдарлама» қарастырылған: 2021 жылы бакалавриатқа – 490, магистратура – 50 және докторантураға 10 грант бөлінді.
Жоғарыда атап өткенімдей, қазақ тілін қолдану аясының тарылуы, этнос¬тық ерекшеліктің біртіндеп жоғалу тенденциясы бізді қатты алаңдатады. Осы ретте шетел қазақтарын ана тілінде оқытып үйрету «Отандастар қоры» үшін елеулі маңызға ие.
2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін онлайн форматтағы тегін қазақ тілі курстары ұйымдастырылуда. Екі жылға таяу уақыт ішінде 900-ге жуық онлайн сабақ өткізілді. Сабақ қазақ-түрік, қазақ-ағылшын, қазақ-орыс және қазақ-парсы тілдерінде қатар жүреді.
Сонымен қатар 2020 жылдан бастап қазақ тілін үйрететін офлайн-сыныптар жұмыс істейді. Сабақ беретін мұғалімге ай сайынғы жалақы төленіп, әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүние жүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз» деген болатын. Бұл бағытта да мемлекет тарапынан қоныс аударушыларға қолайлы жағдайлар жасалуда.
Қазақстанға көшіп келуге ниет білдіргендер «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан құрылған «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының» 1404 тегін нөміріне хабарласып немесе Erulik.kz веб-платформасы арқы¬лы кез келген мәлімет ала алады. Қан¬дастарға арналған барлық мемлекеттік қызметтер «Бір терезе» қағидатына сәйкес оңтайландырылып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы жүргізілуде. Қандастар тапсыратын жал¬пы құжаттар саны 3 есеге, яғни 46-дан 16-ға және оларды қарап ресімдеу мер¬зімі 2 есе, 6 айдан 3 айға қысқарды.
Ерікті қоныс аударғандарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жұмыс істейді. Мысалы, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту бағдарламасына «қандас» мәртебесін алған азаматтар қатыса алады. Бұдан бөлек мемлекеттік қайтарымсыз гранттар қаралған.
Әрине, әлі де болса шетел қазақтары¬ның шешілмеген мәселелері шаш етек¬тен. Әсіресе бұл рухани-мәдени құн¬ды¬лықтарға байланысты. Осы ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шең¬берінде Қазақстан өмірінің түрлі салаларына қазақтарды тартудың тұрақты арналары жүйесін ұйымдастыру қажет. Қазақстанның алдында бүкіл әлем қа¬зақ¬¬¬тарын шоғырландыру тұрғы¬сынан та¬ри¬хи Отаны мен әртүрлі елдер қазақ¬тары¬ның мәдени дәстүрлерін интегра¬ция¬¬¬лау негізінде ұлттық мәдениетін одан әрі ба¬йыту, жаһандық әлемде қазіргі қазақ¬стан¬дық мәдениетті ілгерілету міндеті тұр.
Тұтас қазақ руханиятын байытуды Қазақстан өңірлерінің және еліміз¬дің шекара маңындағы шетел қазақ-тары тұратын аумақтардың мәдение¬тін бірыңғай рухани кеңістікке жақындас¬тыру, мәдени хабтар, қазақ мәдениет үй¬лерін құру, бір кездері бір қазақ ұлт¬тық субмәдениеттерге – музыка мек¬тептеріне, әдеби-поэзиялық бағыт¬тарға, дәстүрлі ән орындау¬шылыққа, қол¬өнер мен өнер дәс¬түр¬леріне жататын және т.б. жоғалған байланыстарды қай¬та жаң¬¬ғырту негізінде жүзеге асыру қажет.
Демек біздің алдымызда шетелдегі қазақтар үшін Қазақстанға қоныс аударуын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат туралы ақпаратты кең ауқымда тарату, шетелде мәдени-гуманитарлық, білім беру, іскерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруды, шетелдегі қазақ атаулымен байла¬нысты тарихи, мәдени мұраларды зерт¬теп түгендеуді, балаларына арнал¬ған Қазақстанның киелі, тарихи-мәде¬ни орындарына экскурсияларды, таныс¬¬тыру-танымдық турлар мен жазғы лагерь¬лерді, бірлескен халықаралық өнер фести¬вал¬ьдерін, спорттық іс-шара¬ларды ұйымдас¬тыруды жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеттері тұр.
Нұртай ӘБІҚАЕВ, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті, мемлекет және қоғам қайраткері