$ 443.85  474.3  4.8

«Бұл тұғырға Шығыс Түркістанның жалауын желбірететін күнді күтіп отыр ма?»: журналист Ұйғыр ауданына қатысты өзекті мәселенің шетін шығарды

Ұйғыр ауданындағы тутұғыр екі жарым жылдан бері мемлекеттік тусыз бос тұр, Бозымбаев мырза! Тутұғырдың бос тұруы Сіздің де жүрегіңізді тітіркендірмей ме?

Құрметті, Алматы облысының су жаңа әкімі Қанат Алдабергенұлы!

Ұйғыр ауданының атын өзгерту жайлы кеше жазған жазбамызды оқығаныңызды білдік. Ұйғыр ақыны Бахтияның абыройын асырып, Алты Алаштың ақиық ақыны Мұқағалиды "кішірейтетін" пиғылдың астарында не бар екенін (қабылданбаған эскиз болса да) оқырман да, сіз де жақсы түсінді деп ойлаймын! 

Енді мына мәселеге назар аударсаңыз! Мемлекеттің туы ілінуі керек тутұғыр 2019 жылдан бері бос тұр. 

Биіктігі 30 метр болатын бұл тутұғырды жасау үшін мемлекет қалтасынан 6,5 млн теңге бөлінген. Оның ашылу салтанаты 2019 жылдың 4- маусымында өтетін болып жоспарланған. Соның бірі де болмады. 

Ұйғыр ауданы басшыларының 2,5 жылдан бері тутұғырды тусыз бос қойып қоюы мемлекеттік рәмізге деген протестік көңіл-күйді білдірмей ме? Жоқ әлде олар бұл тұғырға Шығыс Түркістанның жалауын желбірететін күнді күтіп отыр ма? 

Қазақ бесіктің бетін ашық қалдырмайтын ырымшыл ұлт. Тутұғырды ту ілу үшін тұрғызып, оны осыншама уақыт бос қойып қою жамандық тілеудің көрінісі емес пе? Ырымшыл қазақ бұған не дейді? Сізді де білетіндер ырымшыл адам екеніңізді айтуда. Тутұғырдың бос тұруы Сіздің де жүрегіңізді тітіркендірмей ме?

Міне, осындай үнсіз қарсылықты болдырмаудың төте жолы - ауданның тарихи Қарадала атауын қайтару. Бұл мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жеткізерсіз деп ойлаймын.

Соңғы бір ай көлемінде тутұғырдың айналасында абаттандыру жұмыстары жүре бастады. Ол үшін мемлекет қалтасынан 11 млн теңге беріліпті. Сосын, тутұғырдың астына 27 млн теңгеге Қазақстанның картасы қойылмақ екен. Әрине, бұл шаруаларды жасауға, әлі де жасай беруге отыз метр биіктіктегі мемлекеттік ту кедергі келтірмес еді. 
Құрметті, Қанат Алдабергенұлы! 

Қазақстанның жалауын биікте желбіретуге деген құлықсыздықтың болмауы үшін де Сізден батыл қадам күтеміз!

Журналист Қанат Әбілқайырдың Facebook парақшасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары