Саясат 13.12.2021 сағат 01:23

Бергей Рысқалиев Жаңаөзен оқиғасы бойынша мәлімдеме жасады

Олардың өтірігін жоққа шығару мен үшін еш қиындық тудырмайды.
Бергей Рысқалиев Жаңаөзен оқиғасы бойынша мәлімдеме жасады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей Рысқалиев бюджет қаражатын жымқырғаны және қылмыстық топ құрды деген айыппен 17 жылға сотталып, 10 жыл бұрын Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы барын жоққа шығарады. Бергей Рысқалиевтің мәлімдемесін оның адвокаты Абзал Құспан өзінің Facebook парақшасында және Youtube арнасында жариялады, деп жазады orda.kz.

Абзал Құспанның айтуынша, ол Бергей Рысқалиевтен түсініктеме беруді өтінген, өйткені көп адам Жаңаөзендегі оқиғаға қатысы бар деп айыптайды.

«Кейбір арсыздардың, ар-ұяттан безген пенделердің Жаңаөзен оқиғасына тікелей мені кінәлауі – еш ақылға сыймайтын, миға қонбайтын пасық тірлік. Оны жасап отырған биліктің жалдамалы блогерлері, журналистері мен бірқатар ақпарат құралдары.

Оларлың аты-жөні мәлім. Артында кімдер тұрғаны да белгілі. Жаптым жала, жақтым күйе деп түрлі қауесетті таратып жүргендердің қолында ешбір дәлел, айғақ не құжат жоқ. Олардың өтірігін жоққа шығару мен үшін еш қиындық тудырмайды.

Алдымен, мына сұрақты қойып көріңізші:

Егер Жаңаөзен ісіне менің қатысым болса, онда сол кезде билік маған қарсы қылмыстық іс неге ашпады? Неге жалған оппозиционерлер, кейбір БАҚ пен журналистер мені Жаңаөзендегі оқиғалардан бір жарым жыл өткен соң айыптады? Неге әлі күнге дейін билік ресми түрде мені айыптамайды? Ең бастысы, дәлелдер, фактілер, құжаттар мен куәгерлер қайда?» деді сұраққа жауап іздеген Атырау облысының бұрыңғы әкімі.

Бергей Рысқалиев шетелде тұратын бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязовтың жақындағы мәлімдемесіне жауап берді.

«Әбілязовтың айтқаны толық абсурд, оның қолында не дәлел, не факт жоқ. Әйтеуір біреуге жала жабуды өзіне өмірлік мақсат еткен бұл адам өз сөзіне жауап беруі тиіс. Алдағы уақытта онымен Еуропа сотында кездесеміз.

Әблязовтың маған жала жабуы — өзі бүлдіріп қойып, енді не істерін білмей басқаға ілігін арта салғысы келетін балабақшадағы баланың ісі тәрізді. Себебі, диктатор Назарбаев Жаңаөзенге Әблязовты айыптайды, ал ол болса, бұл қылмысты маған арта салмақ» делінген Бергей Рысқалиевтің мәлімдемесінде.

6 желтоқсан күні оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов өзінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирге шығып, Жаңаөзендегі «тәртіпсіздіктерді» сол кезде облыста билік еткен Бергей Рысқалиевтің қолымен жасағанын мәлімдеді.

Бергей Рысқалиев 2006 жылдан 2012 жылға дейін Атырау және Атырау облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылы экс-әкім бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады және қылмыстық топ құрды деп айыпталды. Тергеу бес жылға созылды және 2019 жылы қазақстандық сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға, ал ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Екі үкім де сырттай шығарылды.

2020 жылдың жазында қазақстандық сот Бергей Рысқалиевтің отбасы мен достарынан тәркіленген мүліктің «бір бөлігін» қайтару туралы шешім қабылдады. Рысқалиевтің мүлкін қайтаруға қатысты кассациялық шағымды Қазақстанның Бас прокуратурасы берді және оны Жоғарғы Сот тез мақұлдады.

Ресми мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі қанды оқиғаларда 17 адам қаза тапқан. Олардың алдында жалақыны көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап ететін мұнайшылардың бірнеше айлық ереуілі болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жаңаөзендегі алаңда мұнайшылардың наразылығына қарамастан киіз үйлер орнатып, 16 желтоқсанда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Куәгерлердің айтуынша, мереке кезінде арандатулар болды. Дыбыс күшейткіштер сахнадан лақтырылып, басқа да жабдықтар бұзылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар