$ 494.87  520.65  4.91

Жалғызбасты әйел, екі кішкентай баласы бар: Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

Екі баласына қоса, қарт анасын қарап отыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінде, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

"Сот күдіктінің жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын есепке алып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келген", – делінген хабарламада.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары