Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен не үшін кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алексей Владимирович басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен жұмысынан кетті», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен босатылған болатын.