25.12.2021, 11:28

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлады Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.

Президенттер 2022 жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.