25.12.2021, 12:42

Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. 

Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады»,-деді ол.