$ 494.87  520.65  4.91

Forbes журналы Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесуге қатысты болжам жасады

Енді неге үшінші кездесуді ұйымдастырмасқа?

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқас Forbes журналының 2022 жылы асыға күтіп отырған айқастардың бірі екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бұл әлі болмаған, бірақ көпшілік асыға күтіп жүрген трилогия. Алдыңғы екі айқаста сенсациялық нәтижелер тіркелді. Біз тең нәтиже мен Альварестің аз ғана басымдықпен қол жеткізген жеңісін көрдік. Енді неге үшінші кездесуді ұйымдастырмасқа? Альварес Golden Boy промоутерлік компаниясынан кетіп, енді өз айқастарын өзі ұйымдастыратын деңгейге жетті. Сонымен қатар, "Канело" екінші орта салмаққа көтеріліп, енді Головкинмен үшінші рет ауырлау салмақта кездесетінін айтты. Ал "Канеломен" кездесуден кейін үш қана айқас өткізген Геннадий де көпшілік алдында Саульмен үшінші кездесу өткізуді талап етпеді. Қазір Головкинге супер орта салмаққа көтерілу керек шығар. Бұл дивизионда қазақстандық боксшы көбірек ақша табады. Головкин 39 жаста. Карьерасының соңында оған ақша жасап қалған артық болмас еді. Оның үстіне GGG "Канелоны" жеңсе, бокс тарихинда ұзақ уақытқа қалатынын біледі", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, бұл боксшылар екі мәрте 2017 және 2018 жылдары кездескен.

Бірінші айқас тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетті. 

Головкин биыл желтоқсанда орта салмақтағы WBA (Super) белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі керек еді. Бірақ Жапониядағы карантиндік шараларға байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді. Енді олар келесі жылы көктемде кездесуі керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары