Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі наразылыққа байланысты тағы пікір білдірді.
Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деп жазды ол Twitter-де.
Сонымен қатар, Президент демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс екенін айтты.
Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, - деді Тоқаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.