05.01.2022, 06:03

«Мамин Үкіметі отставкаға кетеді» - дереккөз

Тоқаев таңертең  елдегі қалыптасқан Төтенше жағдайға байланысты Үкіметті отставкаға жібермек.

Кейбір дереккөздерінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең  елдегі қалыптасқан Төтенше жағдайға байланысты Үкіметті отставкаға жібермек. 

Жаңаөзенде басталған қарсылық акциялары әлі басылмай тұр. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Мұның алдында Мемлекет басшысы халыққа үндеу жасап, халықты сабырға шақырған болатын.