Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда аза тұту күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы» Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.
"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.