$ 494.87  520.65  4.91

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған – Тоқаев

Біз контртеррористік режим жарияладық.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Содырлар елордадағы Президент резиденциясын басып алмақ болған. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Біз контртеррористік режим жарияладық. Қазақстан ҰҚҰШ-ға жәрдем көрсету өтінішін жасады. Ол дер уақытында орын алды. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарларынан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға жіберуге және қаланы содырлардан қайтарып алуға мүмкіндік берді», - деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында. 

Айта кетейік, бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды. 

Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мүше елдердің басшыларынан ел аумағындағы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұраған болатын.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары