Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданып жатқаны" туралы ақпарат таратқандарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Келтірілген барлық дерекке қарамастан, кейбір дереккөздер Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күрес жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр. Бұл - жалған ақпарат. Біз ешқашан бейбіт шерушілерге қарсы қарулы күштерді қолданған емеспіз, қолданбаймыз да", - деді Тоқаев ҰҚШҰ жиынында сөйлеген сөзінде.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.