$ 449.58  486.94  4.86

Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

ҚР Премьер Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айта кетейік, бүгінгі Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын. 

Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары