Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысынан тапсырма алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Экономикалық блог соңында айта кетейін, бүгін жаңа премьер-министрді тағайындадық. Біз бірқатар нақты міндет қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырамын. Оны ақпанның басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Бұған дейін Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.