Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өткізіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті", - деді Берік Уәли.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығына барған. Жедел жәрдемде жатқан зардап шеккендерге барып, жағдайын сұрады.