$ 498.34  519.72  4.85

«Бейбіт уақытта адамдардың өлуі дұрыс емес»: Әлия Назарбаева халыққа сәлем жолдады

Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады

Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында елдегі орын алған жағдайға байланысты жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады. Бұл оқиғада қаза болғандарға қайғы мен өкініш білдіруге сөз жетпейді. Барлық қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын.Бұл бәрімізге сабақ болатын тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт уақытта адамдардың өлуі дұрыс емес. Сіздердің қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Ал қазіргі кезде әкеме моральдық қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін, ол осы күндері әр облыстың тұрғындарынан көптеген хабарламалар алуда. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін. Абай болыңыз», − дейді Әлия Назарбаева.

Ол жазба соңында #күшімізбірлікте хештегін белгілеген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары