Саясат 13.01.2022 сағат 14:20

Мәжіліс депутаты Юрий Ильиннің министр болуына қарсы шықты

Еділ Жаңбыршин Төтенше жағдайлар министрі кандидатурасы жайлы пікірін білдірді
Мәжіліс депутаты Юрий Ильиннің министр болуына қарсы шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстау облысынан сайланған Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Юрий Ильиннің Төтенше жағдайлар министрі болуына қарсы шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 «Үлкен мемлекеттік лауазымда отырған сіз мемлекеттік тілді білесіз бе? Мен сізді бір жыл ішінде үшінші рет көріп тұрмын. Сіздің министрлік біздің комитетпен мүлдем жұмыс істеген жоқ . Сіздің жоспарыңызды, ойыңызды, консепцияңызды білмейміз. Не істеп жатқандарыңыздан біз бейхабармыз», - деді мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Сонымен қатар, ол тағы бір мәселеге тоқталды.

«Екіншіден, өткен жылдың аяғында Ақтауда жарыс өтті. Егер Ресейде немесе басқа дамыған мемлекеттерде жарыс болатын болса – төтенше жағдайға жауап беретін министр бірден ұшып барып, мәселені өз қолына алып шешеді. Сіз барған жоқсыз. Үшінші мәселе, Маңғыстауда өткен митингі кезінде төтенше жағдай министрлігіне қатысты құрылымдар не халыққа, не үкіметке, не қоғамдық штатқа өз көмегін көрсеткен жоқ, сондықтан мен бұл кандидатураға мүлдем қарсымын», - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар