13.01.2022, 17:40

Ресей Қазақстанның жаңа министрімен жұмыс істеуден бас тартты

Рогозин Қазақстанның ақпарат министріне Байқоңырға келмеуді ұсынды

Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстанның жаңа ақпарат министрі Асқар Умаровқа Байқоңырға бармауды ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы interfax.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Байқоңыр ғарыш айлағында министр Асқар Умаровқа риза емеспіз. Біз оны онда күтпейміз», - деп жазды Рогозин Telegram-каналында.

Бұған дейін 11 қаңтарда Тоқаев Қазақстанның жаңа үкіметінің құрамын бекіткен болатын. Асқар Умаров Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды.

Асқар Умаров орысофобиялық мәлімдемелерімен танымал. Оған Ресейге кіруге тыйым салынған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.