$ 494.87  520.65  4.91

«Наурызда шарықтау шегі болмақ»: Коронавирусқа болжам жасалды

Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 800 жағдай тіркеледі.

Алматы қаласында өзіне жұмыс істейтін және жұмыссыздар арасында коронавирус жұқтыру 9,3% ұлғайды, деп мәлімдеді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова, деп хабарлайды informburo.kz.

«Қалада коронавирус таралуының кезекті шарықтау шегі наурыз айында болады. Оптимистік сценарийге сәйкес, наурыз айының ортасында тәулігіне 2500 жағдай, ал пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 800 жағдай тіркеледі. Сондай-ақ, адамдардың қандай форматта жұмыс істейтініне байланысты ауру жұқтыру деңгейіне талдау жүргіздік. Ол өзіне жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер арасында коронавирус жұқтыру 31%-дан 40,3%-ға дейін ұлғайғанын көрсетіп отыр. Осыған байланысты, азаматтар екпе салдырып, ал вакцина алғандары 6 айдан кейін ревакцинациялануы қажет», – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары