$ 494.87  520.65  4.91

Берік Уәли: Митингілерді енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Президенттің Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтау туралы тапсырмасына қатысты түсінік берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Президенттің Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтау туралы тапсырмасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берік Уәли Президенттің олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайтынын айтты.

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам, - деді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары