$ 449.3  489.69  4.89

Елордадан шығатын бес бағытта жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтаннан Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Рождественка және Павлодарға шығатын бағыттарда қозғалыс шектелді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Cұлтаннан шығатын бес жолға шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда комендатурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтаннан Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Рождественка және Павлодарға шығатын бағыттарында қозғалыс шектелді.

"Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды айналма жолдарды пайдаланбауға шақырамыз, өйткені қар басып жатыр, жүру қауіпті. Қалалық магистральдарда бағытарды алдын ала ойластыруды, жылдам орын ауыстыру мен тежегіш басудан аулақ болуды, жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада таңертеңнен бері 25 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Қалалық комендатура өкілдері коменданттық сағат режимін бұзбауға шақырады.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары