Әлжан Имашев – Қазақстан орталық сайлау комиссиясының төрғасы Берік Имашевтың ұлы, Нұрали Әлиевтің әйелі Аида Имашеваның інісі, деп жазады nege.kz.
Нұрали Әлиев экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның ұлы.
Елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан халық наразылығы кезінде Қауіпсіздік кеңесі президентке өткелі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары қызметтен шеттетіліп жатыр.
Кеше Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кетті.
Сондай-ақ кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты.
15 қаңтарда Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметтерінен босатылған.
Димаш Досанов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.