Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nur Otan партиясының басшысы болып сайланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда толық билікке ие екенін атап өтті.
«Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада ешқандай дау-дамай, текетірес жоқ», - деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев элитадағы текетірес немесе жанжал туралы қауесеттердің мүлдем негізсіз екенін айтты.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.