Саясат 19.01.2022 сағат 15:40

«Автоиндустрия саласын жаулап алған лоббисттер президенттің тапсырмасын орындайтын түрі жоқ» - қоғам белсендісі

Үкімет «Оператор РОП» ЖШС-нің қызметін тоқтату туралы қаулы шығарғанымен, оның көлік алушыларға жасалған қандай да бір жеңілдіктер жасау тетіктерін қарастырмай отыр.
«Автоиндустрия саласын жаулап алған лоббисттер президенттің тапсырмасын орындайтын түрі жоқ» - қоғам белсендісі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президенттің сөзі жерде қалды ма...?

"Оператор РОП" ЖШС-сі мәселесі бойынша кезекті алдау басталды. Үкімет «Оператор РОП» ЖШС-нің қызметін тоқтату туралы қаулы шығарғанымен, оның көлік алушыларға жасалған қандай да бір жеңілдіктер жасау тетіктерін қарастырмай отыр.

ҚР Үкіметі «Оператор РОП» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттар мен активтерін басқару шеңберіндегі қызметі тоқтады дегенімен, оның атын ауыстырып, затын ауыстырған жоқ. Демек, алдаудың кезекті стадиясына өтті. Утилизациялық алымның активтері мемлекет меншігіне берілді деді, бірақ мұнда халыққа пайдалы ештеңе көріп отырған жоқпын. Енді «Оператор РОП» ЖШС-нің міндетін «Жасыл даму» АҚ орындайды екен.
Мейлі, мемлекет алсын, мейлі акционерлік қоғам алсын, бірақ халыққа пайдалы тетіктер болмаса, бәрі бекер.

Президенттің сөзі жерде қалды ма...?
Баяғы жартас сол жартас, қаңқ етер түкті байқамас.
Автоиндустрия саласын жаулап алған лоббисттер президенттің тапсырмасын орындайтын түрі жоқ.

Журналист Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар