20.01.2022, 18:00

Назарбаевтың үкімет отырысында сөз сөйлеу құқығы сақталды

Фото: orda.kz
Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығы жойылды.

19 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы түзетулерді қабылдап, Сенатқа ұсынған еді.

Бүгін Сенаттың сайтында түзетулер жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Парламент пен оның палаталары алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болуға құқылы.

Мына тармақтар алынып тасталды – Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойына басқару құқығы; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесін басқару.

Түзетулердің авторы: Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті. Түзетулерді енгізу негіздемесі: Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктерін Қазақстан Президентіне беруіне байланысты.

Дереккөз: orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.