$ 494.87  520.65  4.91

«Шикізатқа сеніп, экономиканы жан-жақты дамыта алмадық» – Тоқаев

Біз трансформацияда ұтқыр болған жоқпыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу барысында экономикадағы құлдыраудың негізгі себебіне тоқталып өтті, деп жазды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалғанбыз.

«Кейінге көз сала отырып, шартты түрде екі экономикалық бетбұрысты бөлек айтуға болады. Біріншісі, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстан күрделі күйзелістер және шығындар арқылы ауыртпалықты, бірақ қажетті реформалар жүргізе отырып көтеріле, бейімделе алды», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзгерістерді қаржыландыру кеңестік жүйеден мұра болып қалған мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен жүзеге асырылғанына да тоқталды.

«Сол іргетаста отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты өсіп шықты. Екінші бетбұрыс екімыңыншы жылдардағы шикізаттық суперциклмен байланысты. Экономика жаһандық процестерге бейімделе алды, шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, бұл елге мол қаражатты, бірінші кезекте өңдеу және банк салаларына тартуға мүмкіндік берді.

Бұл қаржы Қазақстан экономикасына тұрақтылық әкелді. Әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бірақ, біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Біз трансформацияда ұтқыр болған жоқпыз. Сапалы түрлену мұндайға қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе-бет келді. Нәтижесінде, біз әртараптандырылған экономиканы құра алмадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары