21.01.2022, 21:05

«Үкімет халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс» - Тоқаев

Фото: ашық дереккөз
"Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек", - деп жазды Тоқаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика үкіметін "жеке топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге" шақырды.

"Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

"Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек", - деп жазды Тоқаев.