Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болатынын айтты. Рустам Абдрахмановтың сөзінше, арнайы call-орталық жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды nur.kz.
Тұтқындалғандар туралы ақпаратты алматылықтар 8 (727) 290-19-01 нөмірі бойынша біле алады.
"Сіз сall-орталыққа қоңырау шалып тергеу изоляторларындағы адамдар және өзге мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік, осыған дейін ішкі істер министрлігі полицейлердің әрекеттеріне қатысты шағымдарды қабылдайтын call-орталықтардың нөмірлерін жариялаған еді.